БИЛІК ФЕНОМЕНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-КОНЦЕПТУАЛДЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v103i2.710
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала қайбір заманда болмасын өзекті тақырыптардың бірі болып табылатын билік феноменін зерттеуге бағытталған. Биліктің теориялық және концептуалды аспектілері биліктің мәнін, оның қоғамдағы көріністері мен механизмдерін түсінуге мүмкіндік беретін әртүрлі түсіндірмелерді, тәсілдер мен анықтамаларды қамтиды. Мақалада билік феноменін талдаудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдері қарастырылады. Билік фено-мені көпқырлы және оны әртүрлі позициялардан түсіндіруге болатындықтан оны теориялық көзқарастармен ұштастыра отырып, биліктің табиғатын, оның көздері, механизмдері мен әлеуметтік және мәдени контексттегі көріністері туралы жан-жақты түсініктемелер берілді.Билік феноменінің ерекшеліктерін сипаттау үшін бұл зерттеуде билік феномені түсінігі және оның теориялық және концептуалды аспектілері қарастырылады. Автор биліктің мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі орнын көрсетуге тырысады. Билік құбылысын зерттеудің заманауи тәсілдері мен әдістері қолданылып, негізгі мәселелер көрсетіліп, философиялық талдау жасалды. Билік ұғымын анықтау үшін шетелдік саясаткерлер мен ғалымдардың еңбектері талданды. Бұл жұмыс билік түрлері мен оның мағыналары туралы түсінік береді. Мақалада басымдықтар мен құндылықтар, сондай-ақ билік басындағыларға жүктелетін міндеттер талқыланады.