БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2025.84.2.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда биология сабағында ситуациялық есептерді қолданудың тиімділігі қарастырылады. Функционалдық сауаттылық – оқушының алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуі, өмірлік жағдаяттарда тиімді шешім қабылдай алуы болып табылады. Биология пәнінде ситуациялық есептерді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, нақты өмірмен байланыстыра отырып білім алуына мүмкіндік беру көзделеді. Мақалада ситуациялық есептердің түрлері, оларды сабақта қолдану жолдары мен тиімді әдістері талданып, оқушылардың пәндік және тұлғалық дамуына әсері сипатталады. Зерттеу барысында 7-9 сыныптарға арналған биология оқулығындағы тапсырмалар талданды, автор ұсынған ситуациялық есептердің үлгілері берілді. Сонымен қатар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мұғалімнің рөлі мен есептерді құрастыруда ескерілетін талаптар қарастырылды. Мақалада биология сабақтарын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік ұсыныстар ұсынылған.