АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРТА ЖАҒДАЙЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2025.84.2.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қала аумағының қазіргі географиялық орта жағдайы өзекті мәселелердің бірі. Мақалада қала аумағының географиялық ерекшеліктері мен оған әсер ететін табиғи факторлар қарастырылды. Қаланың орналасу ерекшеліктері, жер бедері мен топырақ жамылғысы, климат, су ресурстары және табиғи апаттардың көрініс беру сипаты зерделенді. Бұл аталған факторлар қала аумағының табиғи-экологиялық жағдайын анықтайды. Сондықтан да бұл зерттеу қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және экологиялық қауіп-қатерлерді анықтау мәселелеріне бағытталған. Қазіргі қарқынды урбанизация кезеңінде қала аумағын табиғи ортамен өзара байланысты зерттеу жаһандық үрдіске айналды. Қалалық кеңістіктің дамуы әсерінен табиғи ландшафттар өзгеріп, экологиялық жүйелерге жүктеме артты. Мақалада қазіргі таңда үлкен урбанизацияланған аумаққа айналған Алматы қаласының қазіргі географиялық орта жағдайына табиғи факторлық талдау жүргізілді. Қала аумағында көрініс беретін қауіпті табиғи апаттардың сипаты және оның қала инфрақұрылымы мен халық өміріне әсері қарастырылды. Қала аумағының географиялық орта жағдайының өзгеру динамикасы құрастырылып, қаланың географиялық орта жағдайын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар авторлар тарапынан ұсынылды. Қаланың жүйелі дамуында әлеуметтік-экономикалық процестердің байланысымен қатар, олардың қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасын, экологиялық тұрақтылығын, табиғи ландшафт ерекшеліктері мен экожүйелік процестерді зерттеу өте маңызды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері қала аумағының географиялық орта жағдайы мәселесін айқындауда, қала құрылысы және төтенше жағдайлардың алдын алу, табиғи-экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосады. Себебі қала тірі организм ретінде халықтың қоныстану аймағы ғана емес, сонымен қатар экожүйелік тепе-теңдікті сақтауға әсер ететін күрделі табиғи-техногендік кешен.