ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ТАРАЛУЫН ОҚЫТУ МОДЕЛІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2025.84.2.009
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі білім беруде географиялық білім оқушылардың физикалық - географиялық жағдай туралы білімдерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар табиғи және рекреациялық ресурстарды тұрақты пайдалану көзқарасы тұрғысынан қоршаған ортаны сақтау мәселелеріне бағытталған. Бұл экологиялық қауіптердің ауқымдылығын және олардың адам өміріне әсерін түсінуден туындаған экологиялық мәселелерге назар аударудың артуына байланысты. Сондықтан, болашақ ұрпақтың табиғи және рекреациялық ресурстарды сақтау мен ұтымды пайдаланудың маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру қажеттілігі қазіргі білім берудің ажырамас бөлігі болып табылады. Рекреациялық ресурстарды тарату және ұтымды пайдалану күнделікті өмірде, әсіресе урбанизация, халықтың өсуі және туристік белсенділіктің артуы жағдайында басты тақырыпқа айналуда. Бұл мәселе табиғатты сақтау және демалу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін кешенді тәсілді қажет етеді. Рекреациялық ресурстарды пайдаланудың кешенді тәсілі инфрақұрылымды теңгерімді дамытуды, табиғатты қорғауды және халықтың сауаттылығын қамтиды. Зерттеу жұмысы білім алушылардың географиядағы рекреациялық ресурстардың рөлін қабылдауы мен түсінуін жақсарту үшін қолданылатын әдістер мен технологияларды зерттеуді қамтиды. Осыған орай оқытудағы инновациялық әдістерді қолдана отырып, географияны оқытуды жан - жақты интеграциялауға бағыттауды талап етеді. Бұл тұрғыда рекреациялық ресурстар әдістемелік қамтамасыз етуде өзіндік ерекшеліктері бар. Рекреациялық ресурстардың таралуын зерттеу экожүйелердің бөлігі ретінде ғылыми - зерттеудің жұмысының маңызды бөлігіне айналады. Рекреациялық ресурстардың таралуы әлеуметтік - экономикалық тұрғыда рекреацияның қоғам өмірінде, әсіресе урбанизация мен ғаламдық климаттың өзгеруінде маңызды рөл атқарады. Оқу үдерісіне рекреациялық ресурстардың элементтерін қосу білім алушылардың денсаулығы үшін де, экономика үшін де маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл әлеуметтік және экологиялық тұрақтылықтың маңызды элементі болып табылады. Географиялық оқытуда рекреациялық ресурстарды пайдалану және рекреациялық ресурстардың таралуы бойынша әдістемелік ұсыныстар жасау және оны оқу үдерісіне ендіру болашақ география пәні мұғалімдерінің дайындығын жақсартуға, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және рекреациялық ресурстардың таралуын зерделеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Заманауи әдістемелік құралдарды қолдана отырып география сабақтарында рекреациялық ресурстардың таралуын оқыту моделі географияны оқытудың кешенді тәсілін қамтамасыз етуге бағытталады, ол география ғылымы мен білім беруде және оны практикада жүзеге асыруда маңызды болып табылады.