ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫ ҚПРОЦЕСТЕР

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2025.84.2.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Орталық Азиядағы интеграциялық үдерістер, Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциялық процестерінің қалыптасу ерекшеліктері қарастырылған. Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында қалыптасқан, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің әлемдік қауымдастыққа кіру мәселесі талданады. КСРО ыдырағаннан кейін, қысқа тарихи кезеңде, Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттері өз дамуында бірнеше кезеңдерден өтті. Тәуелсіздік алғаннан бері, Орталық Азия елдері экономикалық және саяси салалардағы қиындықтармен бетпе-бет келіп, оларды еңсеру үшін бірлескен күш-жігер қажеттігін атап өтті. Кейіннен Орта Азиядағы елдердің экономикалық, саяси және мәдени дамудың бағыттары айқындалды. Тақырыптың өзектілігі, Орталық Азияның интеграциясы аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ТМД және әлемдік аренадағы проблемаларын шешудегі рөлін арттыру қажеттілігімен айқындалады. Орталық Азия мемлекеттерін көпғасырлық тарих, мәдени дәстүрлер мен дін біріктіреді. Осы мемлекеттердегі мәселелер мен үдерістер ұқсас болып келеді. Қазіргі уақытта интеграциялық мәселелер таза техникалық-экономикалық сипатқа ие. Мақалада Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциялық процестерін жан-жақты талдауға және олардың ерекшеліктерін анықтауда бірнеше әдістер қолданылды.