САПАЛЫҚ ТАЛДАУ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2025.84.2.001
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялар тәрбие, таным және оқу процесін едәуір жеңілдететін ғасыр. Сондықтан олар білім беру процесінде қарапайым, маңызды және ажырамас бөлікке айналады. Қазіргі уақытта химиялық пәндерді оқытуда электрондық ресурстарды пайдаланудың оқытушылар үшін де өте тиімді әрі қолайлы болып отыр. Мақалада жоғарғы оқу орындарындағы білім беру жүйесінде химияны – оның ішінде «Сапалық талдау» пәнін оқытуда электрондық ресурстарды қолданудың ерекшеліктері қарастырылған. Электрондық ресурстарды дайындау білім беру мақсатында химиялық дәрістерді жүргізу құралы ретінде қолдануға тиімді. Оқу процесінде электрондық білім беру ресурсын құру және пайдалану әдістемесі, соның ішінде әзірлеу, сынақтан өткізу кезеңдері, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда электрондық ресурстың тиімділігі мен сенімділігін талдау зерттеледі. Сонымен қатар, химия пәнін оқытуда электрондық ресурсты сынақтан өткізген топтар арасында жүргізілген сауалнама сұрақтары мен нәтижелері көрсетіледі. Электрондық ресурстарды жіктеу және одан әрі талдау үшін, әртүрлі параметрлер қолданылды, мысалы: функционалды сауаттылықты арттыру, оқытушылардың пікіріне сәйкес – осы ресурсты пайдалану қажеттілігі және студенттердің таңдаулы оқу стильдерімен байланыстыру, олардың қажеттіліктерін ескере отырып тиімді дайындау қарастырылған.