Болашақ тіл мамандарына тарихи синтаксисті оқыту әдістемесі

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes202583213
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада болашақ тіл мамандарына тарихи синтаксисті оқыту жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздері «Гүлістан бит Түркі» шығармасы негізінде қарастырылады. XIV ғасырда Сайф Сарай жазған бұл ескерткіш түркі әдебиеті мен тілінің тарихи дамуындағы құнды дереккөзі болып табылады. Тарихи синтаксис – тілдің грамматикалық құрылымының эволюциясын зерттейтін маңызды сала, оны оқыту болашақ мамандардың тілдің даму заңдылықтарын терең түсінуіне және кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етеді. Зерттеу мақсаты – «Гүлістан бит Түркі» мәтінінің синтаксистік ерекшеліктерін талдау арқылы тарихи синтаксисті оқытудың тиімді әдістемесін ұсыну. Мақалада мәтіндегі сөз тіркестері мен сөйлем құрылымдарының тарихи даму жолдары зерттеліп, олардың тілдік ерекшеліктері анықталады. Сонымен қатар мәтінді оқытуда қолдануға болатын әдіс-тәсілдер, студенттердің зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталған тәсілдер ұсынылады. Зерттеу жұмысының нәтижесінде «Гүлістан бит Түркі» шығармасын оқу материалы ретінде қолдану болашақ тіл мамандарының тарихи тіл білімін меңгеру деңгейін арттырып, олардың аналитикалық және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік беретіні көрсетілді. Ескерткіштің синтаксистік құрылымдарын зерттеу арқылы студенттер тек грамматикалық білім алып қана қоймай, түркі тілдерінің тарихи-мәдени мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік алады. Бұл зерттеу болашақ мамандарды даярлау сапасын жақсартуға және тарихи тіл білімін оқыту тәжірибесін жетілдіруге үлес қосады. Түйін сөздер: шағатай тілі, Гүлістан бит Түркі, тарихи синтаксис, оқыту әдістемесі, түркі тілдері.