Университеттік білім беруде оқытушылардың жасанды интеллектіні қолдануы: трансформациялық мүмкіндіктер мен тәуекелдері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes20258325
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеуде Қазақстанның жоғары оқу орындарында қызмет атқаратын профессорлық-оқытушылық құрамының көзқарасы тұрғысынан жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын жоғары білім беру жүйесіне интеграциялау барысында туындайтын ықтимал қауіптер мен мәселелер жан-жақты қарастырылады. ЖИ-дің жедел дамуы және оның әртүрлі салаларға кеңінен енгізілуі жағдайында, бұл технологияның білім беру үдерісіне тигізетін ықпалына ерекше назар аударылған. Зерттеудің негізгі мақсаты – білім беру процесінде ЖИ құралдарын қолдану ерекшеліктерін, қауіпті тұстарын және оқыту сапасына ықпалын профессорлық-оқытушылық құрамының қабылдау ерекшеліктері негізінде бағалау. Сонымен қатар, ЖИ-дің жоғары білім беру ортасына ықпалын бағалау арқылы оның артықшылықтары мен тәуекелдерін ғылыми тұрғыда саралау міндет етіледі. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде сапалық және сандық деректерді жинаудың аралас әдістері қолданылды. Іріктемеге еліміздің үш ірі аймағында – Астана, Алматы және Талдықорған қалаларында орналасқан жоғары оқу орындарының 180 білім беру қызметкері тартылды. Іріктеу барысында пәндік бағыттар (гуманитарлық, техникалық және шығармашылық), университеттің типі (ұлттық, мемлекеттік, жекеменшік) және академиялық мәртебесі (профессорлар, қауымдастырылған профессорлар, аға оқытушылар және жас мамандар) ескерілді. Алдын ала деректер талдауы көрсеткендей, қатысушылардың 60%-ы ЖИ құралдарын (мысалы, ChatGPT, Grammarly, QuillBot) өз кәсіби қызметінде белсенді қолданады; 30%-ы олармен таныс болғанымен, қолданбайды; ал 10%-ы бұл технологияларға күмәнмен қарайды. Түйін сөздер: жасанды интеллект, жоғары білім, білім алушылар, цифрлық құзыреттілік, академиялық адалдық, инновациялық технологиялар, ақпараттық технологиялар.