Мектепке дейінгі ПДТ (психикалық дамуы тежелген) балаларды ерте кәсіпке баулу мүмкіндіктері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes20258327
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мектепке дейінгі білім беру шеңберінде кәсіби бағдар беру – баланы тәрбиелеу мен оның болашақтағы табысты мансаптық дамуы мен өзін-өзі тануына қажетті дағдыларды қалыптастырудың маңызды аспектісі болып табылады. Баланың әлеуметтену процесінің маңызды компоненттерінің бірі – оның кәсіби өзін-өзі анықтауы, яғни кәсіби жолын саналы және тәуелсіз таңдау процесі екендігін ескерек, кәсіби өзін-өзі анықтау-бұл бір реттік оқиға емес, адамның бүкіл өміріндегі мәселе және ол мектепке дейінгі балалық шақта басталатындығы сөзсіз. Сондықтан да ұсынылған зерттеу жұмысының өзектілігі, бүгінгі күн сұранысына сәйкестігі күмән тудырмайды. Авторлар зерттеу жұмысына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын, теориялық материалдарды кеңінен қолдана отырып, жан-жақты талдау жасап, тұжырым жасалған. Соның ішінде бүгінгі инклюзивті білім беру жағдайында мектепке дейінгі ПДТ (психикалық дамуы тежелген) балаларды ерте кәсіпке баулу маңыздылығын негіздеуге тырысқан. Мектепке дейінгі ұйымдағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ерте кәсіптік бағдарлаудың қажеттілігі мен маңыздылығын мұндай балаларда әртүрлі мамандықтар туралы нақты визуалды идеяларды қалыптастырумен тұжырымдалған. Бұл олардың білімін кеңейтуге және еңбекке деген оң көзқарас пен құрметті қалыптастыруға ықпал ететіндігін жүргізілген тәжірибелік жұмыс арқылы дәлелдеген. Сонымен қатар ерте кәсіптік бағдар беру арқылы ЕББҚ балаларды қазіргі тез өзгермелі қоғамдағы өмірге дайындауға зор мүмкіндік тудыратындығын негіздеген. Түйін сөздер: Мектепке дейінгі бала, сөздік қор, психикалық дамуы тежелген, лэпбук технологиясы, ерте кәсіпке баулу.