«Галургияның қолданбалы аспектілері» пәнін оқыту ерекшеліктері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes202583215
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарында оқытылатын «Галургияның қолданбалы аспектілері» атты пәннің маңыздылығы мен оқыту барысындағы ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Бұл пән галургия ғылымының негіздерін, яғни табиғи түрде кездесетін еритін тұздарды алғашқы өңдеу, оларды өндіру мен пайдаланудың технологиялық әдістерін үйретуге бағытталған. Химиялық технология саласына жататын бұл бағыт бүгінгі өндірістік және ғылыми үдерістермен тығыз байланысты болғандықтан, студенттерге оны тиімді меңгерту — аса маңызды міндеттердің бірі. Пән мазмұны студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, оларды нақты өндірістік міндеттерді шешуге бейімдейді. Мақалада осы пәнді оқыту арқылы білім алушылардың пәндік құзіреттіліктерін дамыту жолдары сипатталады. Атап айтқанда, студенттерге галургиялық әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдана білуге, зертханалық жұмыстар нәтижесін талдауға, алынған мәліметтерді дұрыс түсіндіруге үйретудің қажеттілігі айқын көрсетілген. Сонымен қатар, бұл пәнді меңгеру арқылы болашақ мамандардың ақпаратпен жұмыс істеу, түрлі проблемалық жағдаяттарды шешу, ойларын нақты әрі жүйелі жеткізу сияқты түйінді құзіреттіліктерді игеруіне жағдай жасалатыны баяндалады. Пән аясында орындалатын құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар студенттердің дербес ойлауын, кәсіби тұрғыда дамуын және практикалық білімін шыңдауға бағытталған. Түйін сөздер: галургия, оқыту технологиясы, пәндік құзіреттілік, гравитациялық, термиялық байыту, минералдар, тығыздық.