Жасөспірімдерді ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде мектептен тыс білім беру бағдарламаларының тиімділігі

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes202583210
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жаһандану және ақпараттық қоғам жағдайында жасөспірімдер арасында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту өте өзекті. Бұл мақала жасөспірімдерді ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудегі мектептен тыс білім беру бағдарламаларының тиімділігін зерттеуге арналған. Жұмыстың негізгі мақсаты - мектептен тыс бағдарламалардың жасөспірімдерде ұлттық бірегейлік, патриотизм және мәдени мұраны құрметтеу сезімін қалыптастыруға әсерін бағалау. Мақалада жасөспірімдердің жеке басының дамуындағы ұлттық құндылықтардың маңыздылығының теориялық негіздемесі келтірілген. Ойын-сауықтық, ғылыми-танымдық, спорттық-сауықтыру, құндылықты-бағдарлы, көркем-эстетикалық және техникалық шығармашылық, еңбек және кәсіпке баулу қызметі, әскери-патриоттық қызмет, туристік-өлкетану қызметі негізіндегі үйірмелердің ұлттық құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған бағдарламасының жоспары сипатталған. Эмпирикалық зерттеу үшін мектептен тыс бағдарламаларға қатысатын жасөспірімдерге, сондай-ақ, олардың ата-аналары мен сауалнама мен жағдаяттық сұрақтарды шешу әдістері қолданылды. Нәтижелер ұлттық мәдени мұраны зерттеуге және сақтауға бағытталып құрылған мектептен тыс білім беру бағдарламаларының жасөспірімдердің өз ұлтына деген оң көзқарасын және ел үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға айтарлықтай әсер ететінін көрсетті. Зерттеу нәтижелері ұлттық құндылықтарды нығайту үшін жасөспірімдерді тәрбиелеу жүйесіне мектептен тыс бағдарламаларды енгізудің қажеттілігі мен маңыздылығын растайды. Мақалада жасөспірімдерді ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында мектептен тыс жұмыстың мазмұны мен әдістерін оңтайландыру бойынша педагогтер мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге арналған ұсыныстар бар. Түйін сөздер: мектептен тыс білім беру, ұлттық құндылықтар, жасөспірімдер, патриотизм.