ЖАДЫ МҮШЕСІ БАР КЕЛЬФИН-ФОЙГТ ЖҮЙЕСІНIҢ ШЕШIМIНIҢ ЭКСПОНЕНЦИАЛДЫ КЕМУІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.90.2.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Математикалық физика есептерінің қисындылығын, яғни шешімнің бар болуы, жалғыздығы мен орнықтылығын зерттеумен қатар оның шешімдерінің сапалық қасиеттерін зерттеу де маңызды болып табылады. Жалпы алғанда, математикалық физиканың және гидродинамиканың сызықты емес теңдеулері мен теңдеулер жүйесі үшін қойылған тура мен кері есептерінің шешімінің глобалды бар болуы мен жалғыздығын дәлелдеу оңайға соқпайды, себебі сызықты емес есептерді шешудің бірыңғай әдістері жоқ. Алайда, шешімнің кейбір сапалық қасиеттерін зерттей отырып, мәселен, ақырлы уақыттағы шешімнің қирауы не нөлге айналуы (локализациясы), не уақыттың шексіз өсуі кезіндегі өзгерісі және т.б. қасиеттерін іздене отырып, есепке бағалаулар алуға немесе шешімнің жалпы өзгеру сипатын көруге болады.Ұсынылып отырған жұмыста сығылмайтын тұтқыр серпімді сұйықтың ағынын сипаттайтын сызықты Кельвин-Фойгт (Осколков) теңдеулер жүйесі үшін уақыттан тәуелді оң жағының коэффициентін анықтау кері есебі қарастырылған. Бұл есептің әлді және әлсіз шешімдерінің бар болуы мен жалғыздығы туралы нәтижелер толыққанды зерттелінді. Бұл мақалада әлді және әлсіз шешімдерінің бар болуы мен жалғыздығы туралы нәтижелерге сүйене отырып, аталмыш кері есептің жалпылама әлсіз шешімінің асимптотикалық қасиеті, нақтырақ айтқанда, экспоненциалды кемуі көрсетіледі.