Аңдатпа
Бұл мақалада эквивалентті үлестіру әдісі негізінде геометриясы күрделі обылыста адаптивті тор құрудың сандық тәсілі қарастырылды. Адаптивті тор құруда басқару функциясы қолданылды, бұл күрделі аймақтарда тор тығыздығын дәл реттеуге мүмкіндік береді. Ақырлы айырымдық әдіс (ААӘ) қолданылып, адаптивті торда есептеулер жүргізілді. Сандық модельдеу нәтижелері әртүрлі шекаралық шарттар ескеріле отырып талданды. Есептеу процесінде Python 3.9 бағдарламалау тілі мен оның SymPy кітапханасы пайдаланылды. Символдық интегралдау және дифференциалдау әдістері арқылы теңдеулердің аналитикалық түрлері алынып, есептеу дәлдігі арттырылды. Алынған нәтижелер әдістің тиімділігін және басқару функциясы негізіндегі бейімделгіш тордыңкүрделі геометриялы есептерге қолдану мүмкіндігін көрсетті.