LEGO WEDO АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.90.2.020
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу бастауыш сынып оқушыларының алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту мақсатында Lego WeDo Educationконструкторын пайдаланудың тиімділігін анықтауға бағытталған. Жұмыстың негізгі мақсаты –Lego WeDo интерактивті моделі негізінде алгоритмдеу негіздерін оқыту әдістемесін әзірлеп, оны тәжірибе жүзінде сынқтан өткізу. Бұлзерттеудің мақсаты -тәжірибеге негізделген сабақтардыңлогикалық ойлау мен жүйелі жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға әсерін анықтау, сонымен қатар оқу үдерісінде конструкторды қолданудың тиімділігін бағалау болып табылады. Зерттеу барысында 2-4 сынып оқушыларымен эксперименттік оқыту жүргізілді, оқушылардың жауаптары мен тапсырма нәтижелері талданды. LEGO модельдерімен жұмыс істеуге арналған арнайы сабақ бағдарламасы жасалды. Зерттеу нәтижелері Lego WeDo-мен жүйелі түрде өткізілген сабақтар оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін айтарлықтай жақсартуға ықпал ететінін көрсетті. Бұл олардың тапсырмаларды талдау, әрекеттер тізбегін құру және нәтижелерді бағалау дағдыларының жақсарғанынан көрінеді. Бұл нәтижелер қазіргі заманда қажетті маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін білім беру процесінде LEGO WeDo-ды пайдаланудың зор мүмкіндігі бар екенін дәлелдейді.