Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауда жалпы білім беру бағдарламасын бейімдеудің ерекшеліктері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-2-180-191
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада мұғалімдердің ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен жұмыс жасау барысында білім беру бағдарламасын бейімдеудің ерекшеліктері мен қиындықтарын анықтау үшін зерттеу жүргізілді. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін Қазақстанның барлық аймағындағы, оның ішінде ауылдық және қалалық мектептердің мұғалімдеріне сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға жалпы орта мектепте жұмыс жасайтын 16355 мұғалім қатысты. Зерттеу онлайн түрде Google Forms платформасы арқылы жүргізілді. Зерттеуге қатысушылардың ішінде ең көп қатысқан аймақ – Түркістан облысы (2086 респондент). Зерттеу жұмысы аясында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен жұмыс жасауда ең жоғары дайындық деңгейі (63,4%) еңбек өтілі 1 жылға жетпеген жас мұғалімдер арасында екені байқалды. Оқу бағдарламасын бейімдеу үшін қажет қолдаудың ішінде 32 % мұғалім білікті арттыру курстары қажет деген жауапқа басымдық береді. Мақаланың талқылау және нәтижелер бөлімінде зерттеу барысында анықталған нәтижелер Қазақстанда жүргізілген өзге де зерттеу қорытындыларымен салыстырылды. Зерттеуді қорытындылай келе, білім беру бағдарламаларын бейімдеуде мұғалімдердің кезігетін мынадай кедергілері анықталды: балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуда қиындықтарға тап болу, оқу мақсаттарын ерекше қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктеріне сай бейімдеуде қиындықтарды сезіну, оқушыларды диагностикалау, оқу жетістіктерін бағалау.