Бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылығын зерттеу: ақпаратты қабылдау, цифрлық қауіпсіздік және медиамен жұмыс

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-2-49-57
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушыларының медиасауаттылық деңгейін эмпирикалық зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеудің мақсаты бастауыш сынып оқушыларында медиасауаттылықтың қалыптасу деңгейін диагностикалау және оның негізгі компоненттері арасындағы байланысты анықтау. Зерттеуге 8-9 жас аралығындағы 115 оқушы қатысты. Диагностика үшін үш компонент бойынша топтастырылған 15 мәлімдемеден тұратын авторлық сауалнама қолданылды. Диагностикалық құралдың сенімділігі Кронбах коэффициентімен расталады (α = 0.805). Статистикалық өңдеуге сипаттамалық көрсеткіштер, Стьюденттің t критерийі және Пирсонның корреляциялық талдауы кірді. Нәтижелер көрсеткендей, оқушылардың көпшілігі медиасауаттылықтың жоғары деңгейіне ие (89 %), әсіресе цифрлық қауіпсіздік және медиа компоненттері бойынша басымдық көрсетті. Сонымен бірге ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау деңгейі салыстырмалы түрде төмен екендігі анықталды. Барлық компоненттер арасындағы оң корреляциялар анықталды, бұл олардың өзара байланысын растайды. Нәтижелер медиасауаттылықты ерте диагностикалаудың маңыздылығын және бастауыш сынып оқушыларында сыни ойлауды қалыптастыруды педагогикалық қолдау қажеттілігін көрсетеді.