Бастауыш сынып оқушылары арасында позитивті қарым-қатынасты қалыптастыруда «Blended learning» технологиясы

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-2-164-179
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Берілген ғылыми зерттеуде бастауыш сынып оқушыларының арасында позитивті қарым-қатынас қалыптастыруда «Blended learning» технологиясының мүмкіндіктерін инклюзивті білім беру жағдайына қатысты қарастырылған. Зерттеу кезінде біз «Blended learning» ұғымына жан-жақты анықтама беріп, технология ретіндегі тиімді моделдерінің (аралас модель, икемді модель, қосымша модель, онлайн-тәжірибе моделі, «Blended learning» таксаномиясы) теориялық және қолданбалы негіздері қарастырылды. Бастауыш мектеп деңгейінде қолайлы және қолжетімді орта құру кезіндегі «Blended learning» технологиясының негізгі ұстанымдарының әсері мен негізгі білім орта шарты ретіндегі мүмкіндіктері қарастырылған. Зерттеу барысында бастауыш сынып оқушылары арасындағы позитивті қарым-қатынас ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар аспектісінде қарастырылды. Оның негізінде зерттеу келесі бағытты қамтыды, қажетті шарттар мен талаптарды ұстану қажеттілігі болды, ол балалардың психологиялық және жеке ерекшеліктеріне сәйкес орын алды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында білім беру ортасында ерекше білім қажеттілігі бар балаларға қатынасы (ерекше білім қажеттілігі бар балаларға сезімдерін, қарым-қатынас тәжірибесін, қарым-қатынас қиындықтарын, түсіну мен қабылдау ерекшеліктерін, жағдайы) зерттелінді. Зерттеу бастауыш сынып оқушылары арасында арнайы сурет салу әдістемелері арқылы, ал бастауыш сынып мұғалімдері арасында сауалнама google форма көмегімен жүргізілді. Зерттеуге 108 бастауыш сынып мұғалімі мен 17 бастауыш сынып оқушысы қатысты. Зерттеу нәтижелері сандық және сапалық негізде талданып, зерттеу нәтижелері бойынша нақты тұжырымдар ұсынылды.