Аңдатпа
Бұл мақалада пектин алу, тазарту және құрылымын талдау; биологиялық белсенділігі мен әртүрлі салада қолдану маңыздылығы бойынша әдеби шолу келтірілген. Пектин алу шикізат нысандары ретінде алма, цитрус жемістері, қызылша және тағы басқа шикізаттар пайдаланылады. Пектин шығымының жоғары болуына әртүрлі факторлар: өсімдік нысаны, еріткіш табиғаты, экстракция уақыттары мен температура көрсеткіштері әсер етеді. Пектинді бөлу және тазарту әдістеріне гидролиз (қышқылдық, сілтілік, ферментативті), тұндыру және хроматографиялық әдістері пайдаланылады. Потенциометрилық, кондуктометриялық зерттеулер пектиннің құрылымы мен метоксилдену дәрежесі оның тұтқырлығы және гель түзу қабілеті сияқты функционалдық қасиеттеріне әсер ететінін көрсетеді. Пектиннің құрылымын анықтауға ИҚ, масс-, ЯМР спектрометрия әдістері қолданылады. Пектиндердің биобелсенділігі негізгі тұстары ауыр металдар мен токсиндерді байланыстыру қабілеті, сондай-ақ ішекте қолайлы микрофлораның өсуіне ықпал ететін пребиотикалық қасиеттері жатады. Сонымен қатар, диабетке, бактерияға қарсы, антиоксидантық, цитотоксикалық, қатерлі ісік ауруларын алдын алу, профилактикалық және тағы да белсенділік қабілеттерін көрсетеді. Химия бағытындағы зерттеулер пектинді қоюландырғыш және гелдік қасиетіне қарай – медицинада, косметика, фармацевтикада, тамақ және ауыл шаруашылығы саласында тиімді пайдаланудың жаңа жолдарын ашады, оның экологиялық қауіпсіздігі мен биологиялық белсенділігін басты назарды аударады.