ЖҮРЕК МИОКАРДЫ ИНФАРКТЫСЫНА ШАЛДЫҚҚАН АУРУЛАР АРАСЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІК ПЕН ЕРТЕ ӨЛІМГЕ ҰШЫРАУ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНА АЛЫП КЕЛЕТІН НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТІКГИГИЕНАЛЫҚ ҚАУІПТІ СЕБЕПТЕРІНІҢ ТАРАЛУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26212/2227-1937.2025.18.32.029
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Миокард инфарктісіне бойынша көпжылдық зерттеу жұмыстары осы патологиядан туындайтын аурушаңдық және өлім көрсеткішінің деңгейін төмендету үшін, оған алып келетін негізгі қауіпті себептерді жекелей әрбір адамның арасында анықтап, олардың қатарласа әсер ету қуатын және олардың әсер етуінен туындайтын болжамды асқынуларды анықтау керек. Сол себепті зерттеудің мақсаты — жүрек миокарды инфарктысымен ауырған науқастардың арасында асқыну туғызып, ерте жастан өлімге ұшырататын қауыпты себептердің таралу жиілігін және болжамдық қатерлігін анықтау. Материалдар мен әдіснамасы. Зерттеу барысында пациенттер арасында арнайы құрастырылған сұрақнаманың көмегімен жүрек ишемиясын асқындыратын себептердің таралу деңгейін анықтадық. Қауіпті себептердің қатерлілік қуатын анықтау барысында болжамдық индекс қолданылды. Зерттеуге жүрек миокарды инфарктысымен ауырған 252 науқас (негізгі топ) және осы патологияға шалдықпаған, анамнезінде бұл патология туралы деректері жоқғ яғни миокард инфарктсымен ауырмаған 254 науқас (салыстыру тобы) тартылды. Нәтижелер. Жүрек миокардысының инфарктысын тудыратын отбасылық қауыпты себептер респонденттердің 54,2%-ында анықталып отыр. қанағаттандырусыз тұрғын үй жағдайы тұрғындар арасында миокард инфарктысын тудыратын аса қауыпты қатерлі себептердің ішінде 1 рангалық орын алады. Күніне 10–15 сигарет шегетіндер мен тоқтаусыз темекі шегетіндер арасында және де таңертеңгілік дене тәрбиесімен айналыспайтындар арасында да инфаркт ауруымен науқастанғандардың үлес салмағы жоғары. Талқылау. Зерттеулер жүрек миокарды инфарктісінің алдын алу үшін профилактикалық шаралардың маңызды екенін, бірақ олардың тиімділігі үшін қатерлі себептердің әсерін анықтаудың қиын екенін көрсетеді. Сонымен қатар, жүрек ауруларының қаупі көбінесе клиникалық жағдайлар мен өмір салтының әсерінен туындайды, ал генетикалық бейімділік аз ықпал етеді. Қорытынды. Зерттелген жүрек миокарды инфарктысына шалдыққан аурулар арасындағы мүгедектік пен ерте өлімге ұшырау оқиғаларының дамуына алып келетін негізгі әлеуметтік-гигиеналық қауіпті себептерге тұрғын үйдің қанағаттандырмайтын жағдайы мен тоқтаусыз темекі шегу ең әсерлі