БӨДЕНЕ ҚҰСЫН ӨСІРУДЕ ХЛОРЕЛЛА СУСПЕНЗИЯСЫН ПАЙДАЛАНУҒА ЗООВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2025-2-2-35-48
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Агротехнопарк базасында Семей қаласының "Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ ветеринарлық клиникасының стартап жобасы шеңберінде білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде бөденелердегі зооветеринарлық көрсеткіштерді бағалау сипатталған. Сондай-ақ, бөдене құсының өнімдері адам денсаулығы үшін өте пайдалы және оны Жапония мен Украина мемлекеттері адам денсаулығын сақтау және радиацияның әсерін жою үшін әртүрлі аурулардың алдын алу үшін пайдалануда. Осыған орай Семей ядролық полигонына іргелес аумақтарда тұратын халық үшін қайта өсіру өнімдерін пайдаланудың өзектілігі меңзелген. Біздің мақаламыздың мағыналық мазмұны бөдене қанының клиникалық-физиологиялық және морфобиохимиялық көрсеткіштерін әр түрлі жас кезеңдері бойынша бағалау және бөдене құсының жетілу кезеңдерінде қолданыстағы жемге хлорел суспензиясын қосу арқылы бөдене еті мен жұмыртқаның биологиялық құндылығын арттыру көзделген. Осыған орай бөдене азығында минеральды зат тапшылығын толықтыру үшін макро және микроэлементтің азықтық жеткіліксіздігін болдырмау мақсатында хлореллалық суспензияны қолданудағы негізгі пайдалы көрсеткіштер баяндалған. Азықтық рациондық айырмашылыққа байланысты құс өнімділігінің көрсеткіштеріне қатысты дәйектемелер хлорелалның биологиялық маңыздылықтарына байланысты тұжырымдама берілді. Сонымен қатар хлореллалық қоспаны ауыл шаруашылығы маңызы бар жануарларға пробиотиктік зат ретінде пайдаланудың антибиотикті алмастыруға және организмнің иммундық қабілетін ынталандыруға әмбебап азықтық қоспа екендігі туралы да дәйектемелер берілген.