Аңдатпа
Мақалада климаттың өзгеруі контекстінде, Павлодар облысының дала аймағы жағдайында жемшөп дақылдарының экологиялық пластикалық түрлерін таңдау және өсіру технологиясын әзірлеу мақсатында зерттелетін агротәсілдерге (себу мөлшері, себу мерзімі) байланысты жемшөп дақылдарының өнімділігін, азықтық құндылығын (судан шөбі, еркекшөп, түйежоңышқа, сұлы, арпа) бағалау бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылған. Тұқымды ерте және кеш себу мерзімдері, сондай-ақ тұқым себудің төмендеген және жоғарылаған мөлшерлері зерттелді. Көктемде себу кезінде арпаның өнімділігі мен тағамдық құндылығын бағалау нәтижелері бойынша 2 млн дана егу мөлшерін төмендеткен кезде кезде астық өнімділігі 2,5 млн егуге қарағанда 17,1 % жоғары алынды және 4,2 ц/га құрады, жазғы егу мерзімінде 10,3 %-ға артық болды. Көктемгі және жазғы егіс кезеңдерінің арасындағы айырмашылық 2,0 млн мөлшерде – 3,1 ц/га, ал 2,5 млн мөлшерде – 1,3 ц/га құрады. Көктемде төмен себу мөлшерімен себу мал азықтық бірліктердің жоғары өнімділігін қамтамасыз етті – 27,84 ц/га. Сұлы өнімділігі тұқымды себудің екі егіс мерзімінде, аз мөлшерлі себу мөлшерінде (2 млн.) жоғары болды, яғни 24,1 және 26,0 ц/га, бұл 2,5 млн себу мөлшері нұсқасынан 2,2 және 3,1 ц/га-ге артық өнім алынды. Бұл нұсқада мал азық бірліктерінің жиналуы 10–16 % жоғары болды. Судан шөбінің жасыл массасының өнімділігін бағалау кезінде маусымның 1-ші онкүндігінде себілген және 1,5 млн. себу мөлшерімен егілген нұсқада жер үсті жасыл массасы 163,5 ц/га болды, бұл 2 млн. дана себу мөлшердегі нұсқаны 18,4 ц/га-ға асып түсті, мал азық бірлігі 9,0 %-ға жоғары болды. Түйежоңышқа пен еркекшөпте екі жыл ішінде себу мөлшері жоғары нұсқалар анағұрлым тиімді болды, құрғақ массаның өнімділігі: себу жылында – 38,9 және 3,9 ц/га, 2-ші жылы тиісінше – 53,4 және 7,5 ц/га.