RESEARCH AND IMPORTANCE OF MARKETING ANALYSISIN PRODUCTION OF UNIFORMS FOR STEWARDESSES

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/mfon6679
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Заманауи авиация индустриясында стюардессалар қызметі маңызды және ерекшеленетін бөлігі болып табылады. Олардың формалық киімдері компанияның имиджі мен брендін танытуда үлкен рөл атқарып қана қоймай сонымен қатар функционалдық және ыңғайлы болуы маңызды. Формалық киімдер стюардессалардың кәсіби бейнесін қалыптастырады, жолаушыларға сенімділік және қызмет көрсету сапасы туралы әсер қалдырады. Қазіргі таңда Қазақстан әуе-компанияларының стюардессаларға ұсынып отырған форма жиынтықтарының 90%-ы классикалық стильде және силуэттері қынамалы болып келеді. Заманауи әуе компаниялары тек классикалық стильді ғана емес, сонымен қатар кэжуал стильді де форма стиліне енгізуде. Бұл мақалада стюардессаларға арналған формалық киім үлгілерінің қазіргі жағдайы, олардың эргономикалық және функционалдық талаптарға сәйкестігі жан жақты талданады. Зерттеу барысында нарықтағы трендтер, тұтынушылардың сұранысы және эргономикалық талаптар талданды. Сонымен қатар, маркетингтік талдау әдістері, соның ішінде Гилберт А. Черчилль әдісі қолданылды. Сауалнама нәтижелері стюардессалар үшін заманауи және функционалды киім үлгілерін әзірлеудің қажеттілігін көрсетті. Костюмдік маталардың серпімділік көреткіші қозғалысты шектеу мәселесін тудыратыны анықталып, шешімі реттінде трикотаж мата негізінде жаңа униформа дизайны ұсынылды. Зерттеу барысында трикотаж матасына зертханалық сараптама жүргізіліп, физико-механикалық көрсеткіштері зерттеліп, нәтижелері арнайы хаттама ретінде рәсімделді. Ұсынылған модель заманауи стильді, ыңғайлы және эргономикалық талаптарына сай келеді.