СӨЙЛЕУ ЖАҒДАЯТЫНДАҒЫ КОНФЛИКТ ПЕН ТІЛДІК АГРЕССИЯ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss2pp131-146
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тіл болмысы – көптеген құзыреттіліктер мен артықшылықтарға ие. Тілге тән құзыреттіліктер мен қызметтердің қатарына эмоционалды-экспрессивтік функциясын жатқызуға болады. Тіл арқылы адамның ішкі сезім-күйі мен эмоциясы сыртқа шығады. Ал сезім мен эмоция жағымды (қуану, таңдану, шаттану, риза болу, т.б.) болуы да мүмкін, жағымсыз (ұнатпау, ренжу, ашулану, налу, т.б.) болуы да мүмкін. Тіл арқылы жарыққа шыққан ойды біреулер құп көрсе, енді біреулер терістеп, конфликтіге келуі мүмкін. Мұндай жағдайда этнос даналығындағы «он пәленің тоғызы тілден» деген тәмсілмен астасып, тілдік конфликт пен агрессия пайда болады. Тілдік агрессия көптеген ғылым салаларының зерттеу объектісі болған сан қырлы құбылыс. Конфликт және тілдік агрессия – коммуникация барысында туындайтын, сонымен бірге әлеуметтік топтар мен тұлғааралық қарым-қатынасқа әсер ететін өзара байланысты құбылыстар. Әртүрлі формадағы тілдік агрессия әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалардың эмоциясын білдіретін, өз мақсат-мүддесін көрсететін құрал ретінде қолданылады. Мақалада сөйлеу жағдаятындағы конфликт пен тілдік агрессияның пайда болуы, әлеуметтік ортаға әсері, тілдік ортадағы жағдаяттық сипаты, қоғамдық қатынастардағы ықпалдастық мазмұны лингвистикалық аспектіде ғылыми теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырылады.