МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТІЛДІК ТАКТИКА МЕН ҚОҒАМДЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss2pp184-198
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мәдениетаралық коммуникация – бүгінгі күні өзекті және дамып жатқан пәнаралық сипаты бар лингвистикалық бағыт. Мәдениетаралық сипаттағы зерттеулер Қазақстанда жеткіліксіз және бұл бағыт бойынша шешуін күтіп жатқан мәселелер өте көп. Сондай мәселелердің бірі – ұлттық тілдік тактика мен ұлттық қоғамдық мінез-құлық. Ұлттық тілдік тактика мен ұлттық мінез құлық мәселелері лингвистика мен этнопсихологияда бөлек қарастырылып жүрген сұрақтар. Ал мәдениетаралық коммуникация аясында бұл мәселе тұтастықта зерттелген жоқ деп айта аламыз. Біз өз зерттеуімізде қазақ ұлттық тілдік тактикасы мен қоғамдық мінез-құлқын ұштастыра зерттеуге талпыныстар жасадық. Бұл зерттеудің өзектілігі айқын және бүгінгі күнгі маңызды әлеуметтік мәселе болып табылады. Мақаламызда мәдениетаралық коммуникация тұрғысынан қазақ халқының тілдік тактикасы мен қоғамдық мінез-құлқының ерекшеліктерін айқындауға талпындық. Мақсатқа сай теориялық материалдар талданды және зерттеу нысанына байланысты негізгі теориялық тұжырымдар жасалып, тәжірибелік бөлімнің құралы ретінде 2 сауалнама алу таңдалды. Сауалнамалардың мазмұны қойылған мақсатқа сай жасақталды, яғни қазақ халқының тілдік тактикасының бүгінгі күнгі сақталуын айқындау және де қазақ халқының қоғамдық мінез-құлқын қалыптастырушы әдет-ғұрып пен ырымдар, салттардың қазіргі қазақтар арасындағы рөлін анықтау болды.