ҚАЗАҚ ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ «ҚАСҚЫР» ЭТНОМӘДЕНИ КОННОТАЦИЯСЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss2pp105-118
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ қиял-ғажайып ертегілеріндегі «қасқыр» зоонимінің этномәдени коннотациясы қарастырылады. Ғылыми зерттеудің мақсаты – «қасқыр» зоонимінің қазақ қиял-ғажайып ертегілеріндегі этномәдени коннотациясына тілдік тұрғыда жан-жақты талдау жүргізу. Зерттеудің өзектілігі қазақ қиял-ғажайып ертегілеріндегі «қасқыр» этномәдени коннотациясының ерекшеліктерін анықтау қажеттілігіне байланысты түсіндіріледі. Мақалада «коннотация» терминінің зерттелу тарихы, анықтамасы берілді, қиял-ғажайып ертегілеріндегі «қасқыр» зоонимінің этномәдени ерекшеліктері мен тарихи-тілдік контексті ашылды, ертегілерден нақты мысалдар негізінде сараланды. Тақырыпты зерттеу барысында тілдік деректерді жинақтау, жүйелеу, баяндау, талдау, салыстыру әдістері қолданылды, нәтижесінде «қасқыр» зоонимінің жағымды және жағымсыз коннотаттық мағыналары анықталды. Зерттеудің нәтижесі «қасқыр» этномәдени коннотациясының фольклор тілі тұрғысынан зерттелуі қазақ тіл білімінің лингвофольклортануы, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, әлеуметтік лингвистика т.б. жаңа бағыттарының теориялық мәселелерін тереңдете қарастыруға көмектеседі.