ШЕТЕЛДІК ТАРИХНАМАДА ДӘСТҮРЛІ КИІМДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh20251172014
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала қазіргі кезеңдегі шетел зерттеушілері еңбектерінде қарастырылған дәстүрлі киімнің теориялық аспектілеріне арналған. Соңғы жиырма жыл көлемінде дәстүрлі киім қазіргі заманғы шетел тарихнамасында мәдени, этникалық және әлеуметтік аспектілерге деген қызығушылықтың артуына байланысты маңызды зерттеу нысанына айналып отыр. Мақаланың негізгі мақсаты - адам, киім және адам денесінің киімге байланыстылығы, белгілі бір этностың киімін зерттеуде қайшылықты көзқарастар туындатқан негізгі түсініктер мен атаулар, сондай-ақ, жалпы киімнің пайда болуына байланысты тұжырымдарға тарихнамалық шолу жасау болып табылады. Сонымен қатар дәстүрлі киімнің ұлттық бірегейлік, мәдени мұраның маңызды элементі және әлеуметтік контекстегі өзгерістерінің индикаторы ретіндегі маңызы көрсетіледі. Дәстүрлі киімнің этностың тіршілікқамы жүйесінің ең ежелгі әрі маңызды құрамдас бөлігі болатындығын оның дәстүрлі ортадағы тұтыныс қатынастарының аса қажетті нысандарының, құралдарының, тіптен, осы қатынастар жүйесінің арналарының бірі ретіндегі құрылымдық, сондай-ақ функционалдық табиғатымен түсіндіруге болады. Мақаланы жазу барысында негізінен ағылшын тілді зерттеулер қолданылып, дәстүрлі киімге қатысты зерттеулердің теориялық негіздерін жүйелеуде тарихнамалық талдау, этнология, мәдениеттану, әлеуметтану, философия, психология, антропология және тарих салаларындағы зерттеулерді біріктіре қарастыру үшін пәнаралық тәсіл, сонымен қатар салыстырмалы, дискурсивті талдау қолданылды. Мақаланың қорытынды бөлімінде дәстүрлі киім бойынша болашақта зерттеуді қажет ететін, сонымен қатар аз зерттелген тұстары нақтыланды.