Бұрғылау ерітіндісі БҰРҒЫЛАУ ЕРІТІНДІСІНІҢ СІҢІРІЛУІН ТӨМЕНДЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ПОЛИМЕРЛІ ҚҰРАМ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.2.27-729
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ұңғымаларды бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісінің сіңірілуі кеуекті немесе жарықшақты қабаттардың ашық болуымен байланысты. Сіңірілу технологиялық себептерге немесе тау жыныстарының жатыс пішіндерінің геологиялық жағдайларына байланысты болуы мүмкін. Геологиялық себептер-сіңірілу қабатының түрі, қуаты мен оның жатыс пішінінің тереңдігі, гидравликалық жарылысқа тау жыныстарының төзімділігінің жеткіліксіздігі, қабат қысымы және қабат сұйықтығының сипаттамасы, сонымен бірге, басқа да ілеспе қиындықтардың болуы (опырылуы, мұнайгаздың пайда болуы, қабат суларының ағындары және т.б.). Болатын технологиялық себептерге ұңғымаға айдалатын бұрғылау ерітіндісінің саны мен сапасы, бұрғылау әдісі, көтеріп-түсіру операцияларын жүргізу жылдамдығы және техникалық жабдықтау, бұрғылау процесін ұйымдастыру сияқты факторлар кіреді. Берілген мақалада ұңғымадағы бұрғылау ерітіндісінің тау жыныстарының жарықшақтарына сіңірілуін төмендету мүмкіндігі мен пайда болу мәселелері қарастырылды. Ерітіндінің сіңірілуін төмендетудің қолданыстағы әдістері талданды және қиын жағдайларда сәтті бұрғылауды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасалды. Сонымен қатар, мақалада әр түрлі мөлшердегі қатынаста модификацияланған полиакриламид пен ұсақталған мақта талшығының бұрғылау ерітіндісінің қасиеттеріне әсері туралы зерттеу нәтижелері келтірілген. Бұл зерттеулер ұңғыма қабырғасының қабықшалы қабат арқылы бұрғылау ерітіндісінің сіңірілу жылдамдығын төмендету мақсатында жүргізілді. Модификацияланған полиакриламид пен ұсақталған мақта талшығының концентрациясының бұрғылау ерітіндісінің реологиялық қасиеттерінің көрсеткіштеріне (ығысудың статикалық кернеуі және шартты тұтқырлық) әсері бойынша зерттеулер жүргізілді. Құрамында бентонит сазы бар жеңілдетілген бұрғылау ерітіндісіне ұсақталған мақта талшығын енгізу тұтқырлықты жоғарылатады және судың бергіштігін төмендетеді, сонымен қатар ұңғыма қабырғасына сапалы қабықшаның пайда болуына ықпал етеді. Осылай, ерітіндінің негізгі көрсеткіштер бойынша оң нәтиже көрсеткен оңтайлы құрам анықталды, бұл авторлардың пікірінше, мұнайгаз ұңғымаларын бұрғылау кезінде сіңірілетін ерітіндінің көлемін төмендетуге ықпал етеді.