ӘБУСАҒИТЖИРЕНШИННІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ БАСПАХАНА ІСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ КІТАПТАР ТАРИХЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.85.2.024
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл ғылыми-зерттеу мақаласында қазақ халқының тарихына қатысты әр кезеңдерде басылған кітаптар және оларды жарыққа шығарумен айналысқан баспаханалардың жұмысы туралы Әбусағит Жиреншиннің зерттеу еңбегі туралы жазылған. Қазақстан тарихына қатысты ХІХ-ХХ ғасырларда жарық көрген қазақ кітаптары тарих ғылымы үшін өте маңызды мәселе болып табы-лады. Зерттеуде қазақ кітаптары, баспа ісіне қатысты архив деректері, жинақ материалдар және осындай құнды еңбектерді жинақтап жүйелеген Әбусағит Жиреншиннің еңбегі қарастырылған. Қайраткер Әбусағит Жиреншин қазақ елінің тарихына қатысты кітаптарды жинастыруда түрлі сапарларға шыққандығы, ел арасына этнографиялық экспедицияларға барып, құнды деректік материалдарды жинақтауы мен оларды ғылыми айналымға келтіруі ғылым саласына қосылған үлес екендігі анық. Бұл еңбек қазақ кітаптарының тарихы туралы алғашқы рет баспа бетінде жариялануымен құнды. Еңбектін ерекшелігі Орта Азия халықтарының өзіне тән көне жазуы, әдебиеті, бай мәдениетін және 1800 жылдан 1917 жылға дейінгі Россия мен Қазақстан көлеміндегі басылған қазақ кітаптарының қашан, қай жерде басылғаны, оларды шығарушылар кімдер екендігі және жазба мұраны жинаушылар мен авторлар жайында мәліметтер беріледі. Сондықтан, қазақ кітаптарының тарихына байланысты Әбусағит Жиреншин атқарған қызметімен байланыстыра отырып қарастыру өте өзекті мәселе болып табылады.