ДАЛАЛЫҚ КОМИССИЯ ҚҰЖАТТАРЫ:БАТЫС СІБІР ӨЛКЕСІН БАСҚАРУДЫ ҚАЙТА ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗДЕЛУІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.85.2.020
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ресей империясыХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасындақазақ даласының оңтүстік территорияларын жаулағаннан кейін, өлкеде бір ыңғайға келтірілген орыстық әкімшілік жүйені енгізу мақсатындағы әкімшілік реформаларды жасақтауға кірісті. 1865 жылдың 2 ақпанындақазақ даласын басқаруға қатысты жаңа жобаны жасақтау мақсатындағы арнайы «Қырғыз далалық комиссиясы» құрылды. Комиссия құрамына Ішкі істер министрлігінің және генерал-губернатор-лықтардың өкілдері кірді. Комиссияның екі жылдан астам жұмысы нәтижесінде 1867 жылы Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереженің, 1868 жылдың басында Орынбор және Батыс Сібір өлкелері далалықоблыстарын басқару жөніндегі Ереженің жобалары дайындалды. Жобалармен бірге Далалық комиссия тарапынан Ережелерге қатысты «Түсіндірме жазба» жасақталды. Бұл құжаттарды Ішкі және Сыртқы істер министрлері мен генерал-губернаторлар мақұлдады.Мақалада қазақ даласында қоғамдық өмірдің негізгі салаларын реттейтін жаңа заң қабылдау қажеттігін негіздеген «Түсіндірме жазба» талданады. «Түсіндірме жазбадағы» империялық билік-тің қазақ даласын саяси, экономикалық, рухани меңгеру мақсатындағы саясатына қатысты Комиссия мүшелерінің дәйектері, пікірлері мен қорытынды ойлары реформа баптарымен салыс-тырыла сарапталады. Мақаланың зерттеу нысанына сай, 1868 жылғы Ереженің Батыс Сібір өлкесіне қатысты баптары талданады. Қазақ өлкесінің құқықтық мәртебесін өзгерткен, өлкені Ресей империясының түпкілікті отарына айналдырып берген 1868 жылғы Ереже мазмұнының «Түсіндірме жазба» арқылы негізделгені дәлелденеді.