«МОНҒОЛДЫҢ ҚҰПИЯ ШЕЖІРЕСІНДЕГІ» ТОПОНИМДЕР: ТАРИХИ ГЕОГРАФИЯ КОНТЕКСІНДЕ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.85.2.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада тарихи география зерттеулерінде кездесетін жер-су объектілеріне ерекше назар аударылады. Мақалада елді мекендердің, ірі өзендердің атаулары қазіргі кездегі гидрографикалық атаулармен бірегей-бірлікте қарастырылады. Әрине, кейбір су көздері сақталмағаны белгілі, сондықтан оны қазіргі картадан табу қиынға соғады. «Монғолдың құпия шежіресінде» горхон, булаггидронимдері кездеседі, ал голгидронимі жоқ. Еуразияның далалық аймақтарының тарихынан біз көшпелілердің қоршаған табиғи орта туралы түсініктерін білеміз, ірі оқиғалар болған жерлерді, қандай жерлерде көшіп-қонып жүргендерін, ол жерлердегі жер-су атауларын қазіргі карталармен салыстыруға тырыстық.Қоршағанортаны бейнелеген терминдердің көптігі оқиғалармен байланысты болғаны «Монғолдың құпия шежіресінде» айтылады. Ол табиғи объектілер таулармен қатар орта ғасырдағы кеңістікті игерудің жаңа жолдарының траекториясы тараған көшпелілер территориясының негізгі маркері, тірек пунктері болды. Көшпелілердің жат жерліктерге айтқан «сен қай жерде туып, суын ішсең» сол отаның деген мағынадағы сөздерінен су көздерінің олардың өмір тіршілігінде маңызды болғанын дәлелдейді. «Монғолдың құпия шежіресінде» көптеген су көздерінің түрлеріне сипаттама берілгені мақалада сипатталып, талданады. Шежіреде айтылған өзендер арқылы керей, меркіт сияқты тайпалардың қандай жерлерде көшіп-қонып жүргені туралы мағлұмат алуға көмектеседі.