МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МАЗМҰНДЫ-ӘРЕКЕТТІК КОМПОНЕНТІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.86.2.029
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінгі цифрлық қоғамда мектеп жасына дейінгі балалардың алгоритмдік дағдыларын қалыптастыру өзекті мәселелердің біріне айналуда. Өйткені, мектеп жасына дейінгі бала көп нәрсені алғаш рет меңгереді, іс-әрекеттің жалпыланған әдістері оның қоршаған әлемді танудағы іс-әрекетінің табыстылығы мен тиімділігінің қажетті шарты болып табылады. Өз іс-әрекетін саналы түрде ережеге бағындыра білу, мақсатқа жету үшін іс-әрекеттер тізбегін құру, орындау және түзету мүмкіндігі мектеп жасына дейінгі балалардың алгоритмдік дағдыларының негізін құрайды.Бұл мақалада авторлар мектеп жасына дейінгі балалардың алгоритмдік дағдыларын қалыптастыру мәселесінің жай-күйіне талдау жасаған. Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық және әдістемелік жұмыстарды талдау негізінде когнитивті, реттеуші және коммуникативті компоненттерді қамтитын мектеп жасына дейінгі балалардың алгоритмдік дағдыларының құрылымы анықталған. Авторлар ұсынып отырған әдістеменің мазмұнды-әрекеттік компоненті талданып, алгоритмдік дағдыларды қалыптастыру құралдары (ойындар-проблемалар, толық емес іс-қимыл құрамы бар ойындар, квест ойындары, ережелі ойындар, интеграцияланған типтегі тапсырмалар) арқылы оның тиімділігін ұтымды дәлелдей алған.