БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.86.2.032
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі таңда ақпараттың көлемі мен қол жетімдігінің артуы білім алушылардан ақпаратты тиімді пайда-лану, бағалау және синтездеу қабілеттерін талап етеді. Сол себепті бұл мақала бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру мәселесіне арналады. Ғылыми әдебиеттерді зерттеу негізінде оқушыларға оқу сауаттылығын қалыптастыру жағдайына талдау жасалды. Мақалада оқу сауаттылығы –жазбаша мәтіндерді түсіну, оларды талдау және өмірде қолдану қабілеті ретінде анықталды.«Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімдердің ролі мен түсінігі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінен ашық сауалнама алынды. Зерттеу барысында сапалық әдіс қолданылды, бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің түсініктері мен тәжірибесін терең зерделеуге мүмкіндік береді. Алынған деректер мазмұндық талдау әдістері арқылы өңделіп, тақырыптық талдау жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде, мұғалімдердің оқу сауаттылығын қалыптастырудағы рөлі бойынша негізгі тақырыптық бағыттар анықталды.