БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ӨЛШЕМДЕРІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.86.2.013
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің эмоционалдық тұрақтылығын зерттеу бірқатар себептерге байланысты өзекті мәселе болып қала береді: бұл тақырыптың жеткілікті зерттелмегендігі, эмоционалдық тұрақтылыққа ие мамандарға қажеттілік және бұл қасиетті дамыта алатын мамандардың қажеттілігі. Эмоцио-налдық тұрақтылық жеке тұлғаның маңызды интегративті қасиеті ретінде болашақ бастауыш сынып мұғалім-дері үшін маңызды рөл атқарады. Дегенмен,осы күнге дейін бұл ұғымның нақты анықтамасы, сондай-ақ оның құрылымы, критерийлері, механизмдері мен қалыптасу шарттары туралы жалпыға бірдей танылған түсінік жоқ.Мақалада эмоционалдық тұрақтылыққа қатысты зерттеулерге қысқаша шолу жасалған. Оның компонент-тері, критерийлері, көрсеткіштері және олардың өзара байланыстары қарастырылып, эмоционалдық тұрақты-лықтың нақты сипаттамаларын анықтауға бағытталған эмпирикалық зерттеудің нәтижелері ұсынылған.Эмоционалдық салаға қатысты кез келген тұлғалық қасиет градация түрінде көрсетілуі мүмкін -төмен деңгейден жоғары деңгейге дейін, терісінен оңына дейін. Мақалада әртүрлі критерийлер мен көрсеткіштерді осы контексте қарастыру ұсынылады: мотивациялық критерий (әлсіз мотивациядан жоғары мотивацияға дейін), когнитивті критерий (білімнің толықтығынан олардың жетіспеушілігі мен жүйесіздігіне дейін), эмоционалдық критерий (эмоционалдық енжарлықтан шамадан тыс қозғыштыққа дейін), еріктік критерий (әлсіздік сезімінен және өзін-өзі бақылау дағдыларының болмауынан шамадантыс сенімділік пен өзін-өзі бақылауға дейін), және коммуникативтік критерий (коммуникативтік енжарлықтан агрессивтілікке дейін).Өткізілген эмпирикалық зерттеудің нәтижелері бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бір, екі немесе үш критерийдің дамуы басым болатын үш топ анықталды. Бір критерий басым болған бірінші топта коммуникативтік критерийдің басым болуы жиі кездеседі. Екі критерий басым болған екінші топта еріктік және эмоционалдық критерийлер басым. Үш критерий басым болған үшінші топта коммуникативтік, эмоционалдық және еріктік критерийлердің үйлесімі анықталды.