БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢҚҰРЫЛЫМЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.86.2.014
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру мәселе-сі қарастырылады. Автор ғылыми айналымдағы зерттеу мәселесіне арналған педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге шолу жасай келе, «ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет» ұғымын жан-жақты қарастырады. Талданған ғылыми әдебиеттер негізінде зерттеуші ғалымдардың көзқарастарын бірізділікпен жүйелеп, болашақ бас-тауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру бойынша өз түсінігін негіздейді.Автор біршамаеңбектерге сүйене отырып, зерттеу қызметі жоғары оқу орындарының студенттерін заманауи даярлаудың негізі болу керектігіне басымдық беру керек деп тұжырымдайды, өйткені қазіргі қоғамға жаңа идеяларды қабылдауға, стандартты емес шешімдер қабылдауға, инновациялық процестерге белсенді қатысуға қабілетті және зерттеу міндеттерін құзыретті шешуге дайын мамандар қажет. Сонымен қатар, болашақ мұғалімнің ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетін сипаттай келе, оны шындықты игерудің әмбебап тәсілі ретінде анықтап, терең сипатын баса айтып, оның құрамдас элементтеріне алдын ала белгісіз шешіммен шығармашылық, зерттеу тапсырмасына жауап іздеу, гипотезаларды ұсыну және растау, тәуелсіз эксперименттер жүргізу, оларды талдау және жобалауды ұсынады.