БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ РУХАНИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН «МЕКТЕП-ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ» ЖҮЙЕСІНДЕ ДАМЫТУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.86.2.017
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада «мектеп-жоғары оқу орны» жүйесі контекстінде болашақ педагогтың рухани-шығармашылық әлеуетін дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі педагогтарды даярлаудың қажеттілігімен байланысты, олар тек білім берумен ғана шектелмей, сондай-ақ жылдам өзгеріп отырған білім беру және әлеуметтік орта жағдайында білім алушылардың шығармашылық және рухани қасиеттерін дамытуы керек. Зерттеу жұмысының мақсаты –педагогикалық мамандық студенттерінің рухани-шығармашылық әлеуетін педагогикалық даярлық аясында қалыптастыруға ықпал ететін теориялық көзқарастар мен практикалық әдістерді талдау. Зерттеу барысында теориялық, эмпирикалық зерттеу әдістер қолданылды. Мәліметтерді жинау үшін сауалнама, зерттеушілермен сұхбат, педагогикалық іс-тәжірибеге бақылау, психодиагностикалық әдістемелер және университеттердің оқу бағдарламаларын талдау және педагогикалық эксперимент қолданыл-ды. Зерттеуге педагогикалық бағыттағы бакалавриат студенттері, жоғары оқу орнының оқытушылары, мектеп тәлімгерлері мен жоғары сынып оқушылары қатысты.Зерттеу нәтижелері «мектеп-жоғары оқу орны» жүйесіндегі білім беру ұйымдарының өзара әрекеттесуі болашақ педагогтардың шығармашылық және рухани қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мәліметтерді талдау негізінде болашақ педагогтардың рухани-шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін тиімді әдістер мен жұмыс формалары, педагогикалық практикадағы инновациялық тәсілдер мен гуманитарлық және шығармашылық пәндерді жоғары оқу орнындағы оқу бағдарламаларына енгізу айқын-далды. Сондай-ақ, жоғары оқу орны мен мектептердің өзара байланысын нығайту, болашақ педагогтардың рухани және шығармашылық тұлғасын дамытуға бағытталған әдістерді оқу процесіне енгізу қажеттілігімен сипатталды.