Аңдатпа
Бұл зерттеу Павлодар облысындағы жалпы білім беретін мектептердің химия пәні мұғалімдерінің инклю-зивті білім беруге дайындығын анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижелерін қарастырады. Зерттеу инклюзивті білім беру жүйесінің өзекті мәселелеріне назар аударады, оның ішінде арнайы білім алу қажет-тіліктері бар балаларды жалпы білім беру мекемелерінде оқытудағы педагогтердің дайындығы мен мектеп-тердің осы процеске дайындық деңгейі бағаланады. Зерттеу барысында сауалнама сұрақтары педагогтердің инклюзивті білім беруге қатысты теориялық білімдері мен тәжірибелерін, сондай-ақ олар өткізілген кәсіби тренингтер мен семинарларға қатысу деңгейін анықтауға бағытталған. Сауалнамаға 15 химия пәні мұғалімі қатысты, олар өз тәжірибелері мен көзқарастарын бөлісіп, инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі мәселелері мен мүмкіндіктері туралы пікір білдірді. Зерттеу нәтижелері мұғалімдердің инклюзивті білім беруге деген оң көзқарасын, бірақ осы саладағы арнайы біліммен тәжірибенің жетіспейтінін көрсетті. Сонымен қатар, мектеп-тердегі білім беру ортасының инклюзивті білім беруге бейімделуі қажеттілігі байқалады. Зерттеу мектеп мұғалімдерінің инклюзивті білім беру үдерісіне толық дайын еместігін, бірақ осы бағытта қосымша қолдау мен кәсіби дамытуға сұраныс бар екенін айқындады. Осыдан шығатын қорытынды, Павлодар облысындағы білім беру ұйымдарының инклюзивті білім беруді тиімді енгізуге дайын екендігін растайды, бірақ бұл үдеріс үшін жүйелі түрде қосымша ресурстар мен қолдау қажет.