ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН СТУДЕНТТЕРДІ ЖОО-ДА ОҚУҒА БЕЙІМДЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ШАРТТАРЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.83.2.030
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада ЕББҚ бар ЖОО –ның білім алушыларының оқу орнына бейімделудің аспектілері қарастырылады және ЖОО –дағы кәзіргі заманғы дамуға байланысты білім алушыларға қолдау көрсетудің өзекті мәселесі қарастырылған. Білім алушылардың танымдық қабілеттері және білім алушының өзіндік жеке ерекшеліктері маңызды.Жоғары оқу орындарында ЕББҚ бар студенттерді оқу үдерісіне бейімделуінде студенттердің алған білімдерінің табысты болуына педагогикалық -психологиялық қолдау жұмыстары әр студент пен білім беруші оқытушы құрамының байланысты жұмыстары, көпқырлы үдеріс есебінде қарастыруды қажет етеді. ЕББҚ студенттерідің оқу үдерісіне бейімделуінің негізгі 4 критерийлерін атап айтуға болады: когнитивті –студенттердің жоғары оқу орнында білім алуындағы негізгі алға қойған мақсаттарын және оларға жету жолдарын нақты білсе; эмоционалды–ерікті критерийінің болуы –жоғары оқу орнында білім алу үдерісінде тұлғара-лық қарым –қатынасты құра білмеу қабілеті болуымен де сипатталады және айналасындағы жаңа жағдайларға өзіндік жай –күйін бағалауының болуы, айналасындағы әлеуметтік құбылыс-тарды қабылдай алуы мен бейімделуі, дербестігі жатады.