ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.83.2.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала болашақ педагог-психологтардың жоғары білім беру жүйесіндегі цифрлық құзы-реттілігін дамыту мәселесін зерттеу қажеттілігімен байланысты. Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті цифрлық ортада жұмыс істеуге, жетілдіруге және дамуға дайын маман даярлау болып табылады. Авторлар «цифрлық құзыреттілік», «даму» ұғымдарының мәнін ашты. Олардың пікірінше, цифрлық құзыреттілік дегеніміз ― цифрлық технологиялар мен интернет желісінің көмегімен ақпаратты іздеу, жүйелеу, құрылымдау біліктілігі мен дағдылары, сондай-ақ кәсіби міндеттерді шешу мақсатында білім беру және оны сыни бағалауды білу. Мақалада жоға-ры білім беру жүйесінде білім алушы болашақ педагог-психологтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту шарттары тұжырымдалған: ақпараттық-білім беру ортасын дамыту және білім беру процесіне қосымша шынайылықтарды енгізу. ЖОО-ның ақпараттық-білім беру ортасының тиімді жұмыс істеуі үшін студенттерге ақпараттық-білім беру жүйесіне сәйкестендіру негізінде ашық қолжетімділік беру қажет жергілікті және ғаламдық желілерде оқытушымен де, бір-бірімен де өзара іс-қимыл жасай отырып, зертханалық жұмыстарды орындауға, ақпаратты іздестіруді, іріктеуді, беруді жүзеге асыруға, интерактивті диалог жағдайында ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Соңғы уақытта цифрлықтехнологияларды қолдану аясы артты. Мақалада оқу процесінде қолдануға болатын әртүрлі қолданбалы қосымшалар қарастырылады. Авторлардың пікірінше, болашақ педагог-психолог мамандарының ЖОО-нда бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігінде жұмыс істеуі, білім беру процесінде цифрлық технологияларын пайдалану білім алушылардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.