ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ШАРТТАРЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.83.2.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаладакоммуникативті дағдыларға бағытталған ғылыми зерттеулер талданып, 13-14 жастағы жеткіншектердің коммуникативтік дағдыларын дамытудың психологиялық шарттары зерттелді. Зерттеуге 46 оқушы (20 ұл, 26 қыз) қатысты, олар эксперименттік (коммуникативтік дағдылары төмен 22 жасөспірім) және бақылау (24 оқушы) топтарына бөлінді. Зерттеу барысында келесі әдістемелер қолданылды: -Л. Михельсонның коммуникативтік іскерлік тесті (Ю.З. Гильбухтың бейімдеуімен); -В.В. Бойко диагностикасы (коммуникативті толеранттылық);-А.А. Карелиннің коммуникативтік дағдыларын бағалау әдістемесі. Статистикалық өңдеу SPSS 23 бағдарламасы арқылы жүргізіліп, сипаттамалық статистика, Манн-Уитни U-критерийі, Вилкоксон Т-критерийі және Спирмен корреляциясы қолданылды. Эксперименттік топта агрессивті және тәуелді реакциялар жиі кездескен, ал бақылау тобында құзыретті коммуникация басым болды. Эксперименттік топта басқаларды қабылдау деңгейі төмен, коммуникативті төзімділік орташа және төмен деңгейде болды. Тренингтен кейін эксперименттік топтағы жасөспірімдердің коммуникативтік дағдылары айтарлықтай жетілді. Зерттеу жеткіншектердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыратын психологиялық шарттардың маңыздылығын растады. Алынған нәтижелер жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық дамуына арналған арнайы бағдарламаларды әзірлеуге негіз бола алады.