Аңдатпа
Бұл мақалада жастар арасындағы аддиктивті мінез-құлықтың психологиялық аспектілері қарастырылған. Зерттеу жұмысының өзектілігі жастар арасындағы аддиктивті мінез-құлықтың түрлі формаларының кеңінен таралуының механизмдері мен оның себептерін кешенді ғылыми талдауды қажет ететіндігінде болып отыр. Аддиктивті мінез-құлық ішкі кернеу, эмоциялық тұрақсыздық пен жеткіліксіздік кезінде пайда болатын дезадаптивті мінез-құлықтық реакциялардың формасы ретінде қарастырылады.Зерттеудің мақсаты невротизация деңгейі мен жастар арасында аддиктивті мінез-құлықтың қалыптасуына деген бейімділік арасындағы байланысты анықтау болды. Негізгі диагностикалық құрал ретінде Л.И.Вассерманның невротизация деңгейін анықтау әдістемесі болып отыр. Зерттеуге 20-22 жастағы 3-4 курс студенттері қатысқан. Сауалнамаға жауап берген респонденттер саны 82. Алынған нәтижелердің математикалық және статистикалық талдауы мақалада берілген. Статистикалық талдауды жүргізу үшін Стюденттің Т-критерийі таңдалды. Мәліметтер кестелер және диаграммалар түрінде берілген. Теориялық және эмпирикалық мәліметтер жүйеленіп, қорытындысы берілді.