Аңдатпа
Бұл мақалада күнбағыс және зығыр майларының органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштері, сонымен қатар құрамындағы Е дәруменінің мөлшері, күнбағыс және зығыр майларының май қышқылдық құрамының талдау нәтижелері көрсетілген. Талдау нәтижелері бойынша күнбағыс майында қышқылдық саны 0,3 мг КОН/г болса, зығыр майында 0,7 мг КОН/г мөлшерге ие. Ылғал мен ұшпа заттардың массалық үлесі мен белсенді көміртегінің тотығу сандары бірдей. Өсімдік майларындағы Е дәруменінің мөлшері күнбағыс майында 20,05 мг құраса, ал зығыр майында 38,08 мг мөлшерге ие. Сонымен қатар күнбағыс майында зығыр майымен салыстырғанда қаныққан май қышқылдары да (күнбағыс майында С16:0 – 5,9, С18:0 – 3,2, С22:0 – 0,6; зығыр майында С16:0 – 4,4, С18:0 – 3,2, С22:0 – жоқ) моноқанықпаған май қышқылдары да (күнбағыс майында С16:1 – 0,1, С18:1 – 23,8, С20:1 - жоқ, зығыр майында С16:1 – жоқ, С18:1 – 14,4, С20:1 – жоқ) қанықпаған май қышқылдары да (күнбағыс майында С18:2- 66,4, С18:3 - жоқ зығыр майында С18:2- 15,1, С18:3 – 62,9) едәуір жоғары мөлшерде. Алынған нәтижелер өсімдік шикізаты негізінде эмульсиялық өнімдерді алуда пайдалы болады.