Ықшамды адаптивті тісті доңғалақ вариаторының моделін әзірлеу

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53364/24138614_2025_37_2_4
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада ғарыштық техника мен жоғары технологиялық жүйелерде қолдануға арналған ықшамды адаптивті тісті доңғалақ вариаторының моделі ұсынылады. Ғарыштық аппараттардың массасын азайту, тиімділігін арттыру және сенімділігін қамтамасыз ету қазіргі заманғы техника мен ғылымдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты, тісті доңғалақ вариаторлары, әсіресе адаптивті түрлері, қозғалысты тиімді басқару және жүйеге бейімделу қасиеттері арқылы ерекше қызығушылық тудырып отыр. Мақалада адаптивті беріліс механизмі негізіндегі жетілдірілген тісті доңғалақ вариаторының құрылымдық ерекшеліктері сипатталып, оның жұмыс принципі SolidWorks бағдарламасы арқылы әзірленген 3D модель және анимация көмегімен визуализацияланды. Жетек кіріс пен шығыс арасындағы беріліс коэффициентін автоматты түрде бейімдей отырып, жүктемеге қарай қозғалыс параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл қасиет оны орбиталық аппараттарда, күн панельдерін бағыттауда, маневрлік қозғалыс жүйелерінде және басқа да күрделі жүйелерде тиімді қолдануға жол ашады. Зерттеу нәтижесінде алынған модель құрылымының ықшамдығы, энергия үнемділігі және жоғары сенімділігі мақалада баяндалған аналитикалық және сандық есептермен расталды. Сонымен қатар, зерттеу жұмысы бейімделгіш механизмдер теориясына негізделе отырып, олардың ғарыштық техникада қолданылу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ұсынылып отырған жетілдірілген модель инженерлік жүйелерді жобалаудағы инновациялық шешімдердің біріне айналуы мүмкін. Мақаланың мақсаты ғарыштық салада қарапайым және ықшамды вариатор моделін жасау болып табылады.