Киберпропаганданы бақылау әдістеріне шолу: гибридті моделді қолдану

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53364/24138614_2025_37_2_13
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ақпараттық манипуляциялардың және киберпропаганданың таралуы қоғам үшін үлкен қауіп тудырып отыр. Әлеуметтік желілерде түрлі көзқарастарды қалыптастыру және қоғамды басқару мақсатында киберпропаганда кеңінен қолданылуда. Бұл құбылыс саяси жағдайларға, экономикалық тұрақтылыққа, сонымен қатар, қоғамдық пікірдің қалыптасуына әсер етеді. Осы жұмыста киберпропаганданы анықтау және бақылау үшін қолданылатын әдістер талқыланады. Гибридті модельдер бірнеше алгоритмдердің нәтижелерін біріктіріп, мәтіннің контекстін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс әсіресе көп тілде және үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істегенде тиімдірек. Мақалада киберпропаганданы анықтау процессі бірнеше модельдер көмегімен қарастырылады. Сонымен қатар, CNN, Random Forest және гибридті модельдер бойынша алынған нәтижелер салыстырылып, олардың тиімділігі көрсетіледі. Нәтижелер жоғары дәлдікке ие екендігі анықталады, бірақ CNN моделінің жоғары есептеу шығындарымен және деректермен жұмыс жасаудағы қиындықтары да бар. Бұл зерттеу гибридті модельдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, олардың нақты жағдайларда тиімділігін талқылайды.