Таспалы шөмішті элеваторларының қолданыстағы конструкцияларына шолу

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2025-151-2-156-166
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта шөмішті элеваторлар әртүрлі салаларда цемент, жер, құм, шымтезек, көмір, астық, ұн, химиялықматериалдар және басқа да ұсақ, шаң тәрізді және кесек материалдар, сондай - ақ зиянды, қауіпті, сусымалы жүктердітігінен тасымалдау үшін кеңінен қолданылады. Бұл құрылғыларға қойылатын негізгі талаптардың бірі - олардың жоғарысенімділігі, тасымалдау тиімділігі, қоршаған ортаны зиянды материалдардан, шаңнан қорғау. Шөмішті элеваторларсусымалы жүктердерді жылжыту үшін әртүрлі салалар бойынша кеңінен қолданылатын көліктік және технологиялықжүйелердің маңызды элементі болып табылады. Бұл мақалада осы саладағы отандық және алыс шетелдік жетекшіғалымдарының еңбектері мен зерттеулері қарастырылған. Отандық ұйымдар пайдаланатын таспалы шөміштіэлеваторларының қолданыстағы конструкциялары қаралды және әртүрлі ақпараттық көздерден (ғылыми мақалалар, авторефераттар және басқа да еңбектерден) жиналған шөмішті элеваторларының негізгі элементтері ұсынылды, олардыңпрактикалық қолданудағы артықшылықтары мен кемшіліктері талданды. Тораптардың істен шығуы бойынша жүйеленгеншөмішті элеваторларының негізгі ақаулары, сондай-ақ оларды шешу жолдары анықталды.