Қашықтықтан зондтау арқылы су тасқынының динамикалық өзгерістерін бақылау және талдау

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2025-151-2-209-221
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қашықтықтан зондтау (ҚЗ) әдісі қазіргі таңда табиғи апаттардың, соның ішінде су тасқыны секілді күрделі жәнежылдам өзгеретін құбылыстардың динамикасын бақылауда кеңінен қолданылатын заманауи әрі тиімдітехнологиялардың бірі болып отыр. Бұл әдіс жер үстіндегі өзгерістерді әртүрлі спектралды диапазонда, кеңістіктік және уақыттық өлшемде бақылай отырып, табиғи және антропогендік факторлардың қоршаған ортағаәсерін нақты әрі кешенді түрде бағалауға мүмкіндік береді. ҚЗ деректері арқылы мамандар су тасқынының дамубарысын картаға түсіріп, апаттың әсерін болжау мен бағалау жұмыстарын жүйелі жүргізе алады. Зерттеубарысында Landsat 8 жерсерігінен алынған мультиспектралды түсірістер негізінде Құлсары қаласы аумағындағысу айдындарының динамикасы зерттелді. Аталған жерсерік арқылы алынған деректерді өңдеу нәтижесіндезерттелген аймақтағы су айнасының көлемі мен пішінінің уақыт бойынша өзгерістері талданды. Бұл өзгерістер, әсіресе көктемгі және күзгі мезгілдерде, жауын-шашын мен қардың еруіне байланысты күрт байқалады. Қашықтықтан зондтау технологиясы – су тасқыны секілді кең ауқымды, тез өзгеретін табиғи құбылыстардыбақылау мен бағалаудың сенімді және ғылыми негізделген әдісі болып келеді.