ЕКІНШІ ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛАРАЛЫҚ САЛЫСТЫРУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.77.2.023
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Екінші шет тілін оқыту мәселелері, оны оқытудың теориялық негіздерін дамыту тұрғысынан да, оқыту тәжірибесінің тұрғысынан да зерттеушілер үшін өзекті болып қала береді. Ағылшын тілінің қоғамымызда жетекші орынға ие болуына қарамастан, неміс тіліне деген қызығушылық әлі де бәсеңдеген жоқ, бұл көптеген университеттердегі оқытушылардың назарының неміс тілін екінші шет тілі ретінде оқытуға ауысуын түсіндіреді. Мақалада ағылшын тілінен кейін екінші шет тілді оқытудың лингводидактикалық аспектілері көрсетілген. Негізгі зерттеу әдісі салыстырмалы талдау болды.Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми еңбектерге шолу екінші шет тілін оқытудағы контрасттық әдіс ең тиімді болып көрінетінін көрсетті. Оқыту тәжірибесіне сүйене отырып, неміс тілін екінші, ал бірінші ретінде ағылшын тілін мысалға ала отырып, бір тілдің екінші тілге оң әсері де, одан туындайтын кедергі де көрсетілген.Контрастивті лингвистика екінші шет тілін жақсы меңгеруге ықпал ететін тілдердегі айырмашылықтарды анықтауға және сипаттауға көмектеседі және грамматикалық және концептуалды жүйелердегі сәйкессіздік жағдайларын түсіндіреді. Тілдік материалды беру стратегиясы және студенттердің алғашқы шет тілін меңгеру кезінде жинақтаған оң тәжірибесінің әсері көрсетіледі.