ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ ӘРЕКЕТІНДЕ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.77.2.037
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Соңғы жылдары жаһандық (глобалдық) климаттық жылыну салдарынан пайда бола бастаған табиғи катаклизмдердің алдын алуға бағытталған айтулы шаралардың біріне табиғаты қорғау және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін «Green Technology» жетістіктеріне негізделген тәрбие жұмыстарын жүргізу - мектептегі оқу-тәжірибелік алаңдарда шағын шаруашылық нысандарын (гүлзарлар, жылыжайлар, органикалық қалдықтарды өңдеу, Micro Green және vermicompost технологиялары, көшеттер отырғызу, биогумус өнімдері) ашудың жас ұрпақтың ерте жастан қаржылық сауаттылық ілкімділігінің артуына ұйытқы болатыны аталмыш мақалада көрініс тапқан. Жас ұрпақты мектеп табалдырығынан бастап табиғат пен жер ресурстарын қорғау барысында рационалды пайдалануға баулудың көзі мен алға қойған мақсатқа жетудің жолы – баланың алдын ала жоспарланған, ғаламдық цифрлық трансформация мен Artificial Intelligence жағдайындағы білім жүйесіндегі озық жаңалықтар негізінде қаржы сауаттылығын үйрену өнеріне тартудағы жалпы орта білім беретін мекемелердегі тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерін белгілеу зерттеу жұмысының басты мәселесі болып табылады. Елімізде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға арналған мемлекеттік және авторлық бағдарламаларды игіліктенуде заманауи мектеп оқушыларының жаратылыстану және басқа бағыттар бойынша алған білімдерін оқу-тәрбие, балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары, өзін-өзі басқару мен лидерлік әлеуметтік топтар, инклюзивті білім беру ресурстары, ана-аналар қоғамы, кәсіпкерлер қауымдастығы, қаржы-инвестициялық мекемелер, сондай-ақ білім мекемелері жанындағы оқу-тәжірибелік алаңдарда барынша қолдана білуде, олардың қаржы сауаттылығы туралы қосымша білім алуына мүмкіндіктер туғызу, көтеріліп отырған тақырыптың маңызды бір өзегі екенін байқатады. Демек, мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттыруда, оларды қоршаған ортаны қорғау мен сақтау шараларына қатыстыра отырып, тәрбие жұмыстарын жүйелі жоспарлау көздеген мақсатқа жетудің педагогикалық шешімі болмақ.