ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНХИМИЯ ПӘНІМЕН КІРІКТІРУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.77.2.033
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тұрақты даму мақсаттарына жету қазіргі таңда өзекті болып отыр. Химия ғылымы тұрақты даму мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады. Химияның құрылымы мен қасиеттерін зерттеу арқылы табиғаттағы және адамзат қоғамындағы маңызды процестерді түсінуге болады. Бұл мақалада тұрақтылықты химия оқу бағдарламасына енгізудің негізгі тәсілдері мен оқушылардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастырудың маңызы талқыланған. Зерттеудің мақсаты – химия пәнін тұрақты даму мақсаттарымен үйлестіре отырып, экологиялық білім берудің тиімділігін анықтау, оқушылардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың тиімді тәсілдерін зерттеу. Зерттеу 1-курс колледж студенттері арасында жүргізіліп, сауалнама әдісі қолданылды. Сонымен қатар, химия пәні мен ТДМ арасындағы байланысты тереңірек түсіну мақсатында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне әдеби шолу жасалды. Әдеби шолу химияның экологиялық білім берудегі рөлін, оқыту әдістерінің тиімділігін және тұрақты даму мәселелерін шешуге бағытталған тәсілдерді талдауға мүмкіндік берді. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, студенттердің көпшілігі химияның тұрақты даму мақсаттарын қолдаудағы рөлін түсініп, экологиялық тақырыптарды оқу бағдарламасына енгізуді қолдайтынын білдірді. Сонымен қатар, зертханалық жұмыстар мен топтық жобалар студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Бұл зерттеу орта және жоғары білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне бағытталған. Зерттеу нәтижелері химия пәнінің экологиялық білім берудегі және тұрақты даму принциптерін оқытудағы маңыздылығын растайды. Бұл бағдарлама экология және тұрақты даму мәселелерін шешуде білім берудің тиімді құралы ретінде ұсынылып, оны әртүрлі деңгейлерде қолдану мүмкіндіктерін ашты.