Шығыс Арал сақтарының текстиль өнері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52967/akz2025.2.28.26.38
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада б.д.д. IV–II ғғ. Шірікрабат ескерткіштерінен табылған текстиль бұйымдарына қатысты мәліметтер сипатталады. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті жанындағы орталықтың археологі әрі реставраторы Т.Н. Крупа тарапынан текстиль үлгілеріне жүргізілген кешенді зерттеулер олардың шикізаттық құрамын, құрылымдық ерекшеліктерін, сәндік элементтері мен бояу технологияларын анықтауға негіз болды. Нәтижесінде үлгілердің екі түрі анықталды. Олардың біріншісі – мақта, екіншісі – зығыр талшығынан тоқылған маталар. Жіптердің морфологиясы мен ширатылу бағыты (Z, S, I), мата тығыздығы, тоқылу түрлері мен бояғыш заттардың (марена, индигофера) қолданылуы микроскопиялық және химиялық-талдамалық әдістер арқылы зерттелді. Текстиль бөліктеріндегі жапырақ тәрізді өсімдік өрнектерінің композициялық құрылымы симметриялы түрде орналасқандығы байқалады. Археологиялық зерттеулер аясында табылған ұршық бастары мен бастырғы тастар аймақта тоқыма өндірісінің болғанын дәлелдейді. Сондай-ақ текстильдерді әлеуметтік мәртебесі жоғары тұлғалардың жерлеу орындарында ғұрыптық мақсатта пайдаланғандығын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері Шығыс Арал маңындағы ежелгі тоқыма мәдениетінің технологиялық және семиотикалық қырларын зерделеуге негіз бола алады.