ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӨШКІН ҚАУІПІ БАР УЧАСКЕЛЕРІНІҢ БЕТКЕЙЛЕРІН ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ЦИФРЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ АРҚЫЛЫ ГЕОМОРФОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.2.27-1049
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Жер бедерінің цифрлық моделдерін пайдалану негізінде Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы көшкін қауіпі бар учаскелердің баурайларына геоморфометриялық талдау жүргізу ерекшеліктері қарастырылады. Жер беті туралы цифрлық деректерді жасау мен өңдеудің, сондай-ақ көшкін қаупіне әсер ететін беткейлердің морфометриялық параметрлерін оқшаулаудың әдістемелік тәсілдері қаралды. Геоморфологиялық карталардың екі түрі жасалынды: биіктік карталары және морфометриялық (беткейлердің еңісі) карталары. Тақырыптық карталар SRTM деректері және лидарлық түсіріс деректері бойынша құрылған жер бедерінің цифрлық моделі негізінде жасалынған. Көшкіннің ықтимал аймақтарын айқындау кезінде шешуші мәнге ие беткейлерді, беткейлер экспозицияларын және басқа да параметрлерді айқындау мақсатында жер бедерінің цифрлық моделдеріне кешенді талдау жүргізілді. Көшкін жинағыштар негізінен 25-450 еңісті баурайларда орналасқаны анықталды. Сонымен қатар, 15-250 еңісті баурайлар кездеседі. Алынған нәтижелер көшкін қауіпі бар аймақтардың шекаралары мен ауқымын нақтылауға, қауіпті табиғи құбылыстарды болжау дәлдігін арттыруға және зерттелетін аумақта профилактикалық іс-шараларды жоспарлауды оңтайландыруға мүмкіндік береді.